«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қалың қалай, «бастаулық?»

2021 жылғы 10 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
7550 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы өзінің Facebook парақшасында «Қалың қалай, бастаулық?» атты айдар ашты, онда өз кәсібін сәтті бастап кеткен кәсіпкерлер жайында баяндалады.

Батыс Қазақстан азаматтары мысалында «Бастау Бизнес» жобасы өз мақсатын орындаған жоба деп айтуға толық негіз бар. Өйткені БҚО-да 2017 жылдың өзінде 3 мыңға жуық шағын бизнес субъектісі ашылған. Сайт қолданушыларының назарына бизнес негіздерін оқып, бизнес идеясын сәтті қорғап, жеке кәсіпкерлікті ашып, бүгінде кәсіпті дөңгелетіп отырған ауыл тұрғыны жайында ақпаратты ұсынамыз.  

Шайжан Нұрғалиев – Теректі ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны, кәсіби білімі бойынша педагог. Бірнеше ондаған жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Шайжан Орынбасарұлының өмірлік серігі – Мәншүк Ибатқызы да ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысқан, соңғы 15 жыл мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істеген. Отбасылық жұп ауылда бөбекжай ашу туралы шешімді ауыл тұрғындарының сұранысына қарай   қабылдады, өйткені КСРО тарағаннан бері Ақсуат пен басқа да көршілес ауылдарда балабақша болмаған.

 Балабақшаға ғимаратын салуға деп отбасы бірнеше жыл бойы қаражат жинады, 2018 жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталды. Мектепке дейінгі білім беру ғимаратын салу кезеңі «Бастау Бизнес» жобасына оқуға үміткерлерді қабылдау науқанымен тұспа тұс келді. Отағасы курсқа жазылып, оқу аяқтағаннан кейін бір айдан соң «Атамекен» ҰКП сертификатын алды.

 Шайжан Орынбасарұлының идеясы комиссия тарапынан қолдау тапты, содан кейін Нұрғалиевке 7,5 млн теңге мөлшерінде жеңілдікпен несие берілді. Қаржыландыру алған уақытта кәсіпкердің жеке кәсіпкерлігі болды, жаңа бөбекжайға «Тұлпар» деген атау берілді.

Кәсіп иесі бастапқыда несие қаражаты жеткіліксіз болғанын, сондықтан балабақшаны ашу үшін ең қажетті заттар – жиһаз, техника, кілем, ыдыс-аяқ қана сатып алынғанын айтты. 6 қыркүйек күні «Тұлпар» бөбекжайы кішкентай балапандарға есігін ашты.

 Нысандағы орын саны – 60 бала, тәрбиеленушілердің жасы – 1,5 жастан 5 жасқа дейін.

Кәсіпкерліктің штатында 15 адам жұмыс істейді, соның ішінде төртеуі тәрбиеші, екеуі тәрбиешінің көмекшісі. Балаларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бойынша сабақтар ұйымдастырылған. Жаңа бөбекжайға Ақсуат ауылымен қатар, көрші ауылдардың балалары да келеді.

 Ауылда «Тұлпар» сынды балабақшаның ашылуы балалар дамуына үлкен мүмкіндік берді. Ең бастысы балалар мектеп алды даярлықтан өтеді.

 Ал «Бастау Бизнес» жобасына қатысушының өзі «Бастау» жобасын әзірлеушілер, іске асырушы азаматтарға өте риза, өйткені осы идеяны жүзеге асырудың арқасында көптеген жұмыссыз қазақстандықтар өздеріне жаңа мүмкіндік ашып, қоғамға пайда тигізіп жатыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер