«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес»: екінші лек 24 мамырда басталады

2021 жылғы 14 Мамыр
- Астана қаласы
9529 просмотров

17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың екінші легіне өтінім қабылдау басталады. Оқу 24 мамырда басталады.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары  Бейсен Жолболдиев жобаға қатысу шарттары өзгермегенін хабарлады. Үміткерлерге алдымен  оқу жолдамасын алу үшін Жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО) барып, жеке куәлік көшірмесі мен өтініш қалдыру керек.

 Халықты жұмыспен қамту орталықтары  Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұрған азаматтарға олардың келесі нысаналы топқа сәйкестігін тексерген соң жолдама береді:

  • жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығында тіркелуі сұралмайды);
  •  еңбекке жарамды мүгедектер;
  • зейнет жасына жетпеген елу жастан асқан тұлғалар;
  • жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;
  • аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
  • «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, оның ішінде зәкірлі кооперацияға қатысушылар;
  • қоныс аударғандар мен қандастар
  • сонымен қатар жеке кәсіпкерлігіне 3 жыл толмаған жас кәсіпкерлер.

 Коронавирус пандемиясына байланысты биыл оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн форматында өтеді.

 Оқуға жолдамамен үміткер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгініп немесе электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы https://atameken.co сайтында онлайн тіркеле алады.

 «Ол үшін сайтқа жолдама және жеке куәлік көшірмесінің сканерленген нұсқаларын (осы құжаттардың жақсы сападағы фотосуреттері де жарайды) жүктеу қажет. Содан кейін жеке кабинетте өтініміңіздің статусы шығады. Егер барлық жолақтарды дұрыс толтырсаңыз өтінім қабылданады. Егер жүктелген құжаттардың сапасы жарамай қалса, өтінім кері қайтарылады. Өтінімдер қабылданып болған соң біз лектің бірнеше тобын жаақтаймыз. Әр топқа бизнес-тренер бекітіледі. Қатысушыларға оқу басталатыны жайында хабарламалар таратылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

Еске салсақ, «Бастау Бизнес» жобасымен оқу ұзақтығы 21 күнді құрайды. Жүйеде 12 модуль және 63 танымдық бейнесабақ қамтылған, күніне ең көбі 11 сабақ ашылады. Бизнес-тренерлермен жеке сабақтар қарастырылған. Курс нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

 Толық ақпарат алу үшін Момышұлы д-лы 2/11, «Avenue» БО 1-қабатта орналасқан  Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер