«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес»: алғашқы лек 26 сәуірде басталады

2021 жылғы 23 Сәуір
- Астана қаласы
9139 просмотров

Астанада «Бастау Бизнес» жобасының осы жылдағы алғашқы легі жинақталды. Оқу 26 сәуірде басталады.

Тіркеуден өткен үміткерлердің бәрі оқуға қатысу туралы sms-хабарлама алды. Осыдан кейін https://atameken.co сайтында тестілеуден кейін оларға 12 модульден тұратын бейне сабақтар ұсынылады.

 «Екі жыл қатарынан пандемияға байланысты оқу онлайн форматында өтіп жатыр. Тыңдаушылар бейне сабақтарды өздері оқып, таныстырылымдарды меңгерулері керек. Кейбір бейне сабақтан соң жаттығу орындап, нәтижені оқуға сүйемелдеу көрсетіп жатқан бизнес-тренерге жіберу керек. Оқу барысында осындай 9 жаттығу беріледі. Бұдан бөлек, әр тыңдаушы оқу барысында бизнес-тренердің ең кемі 1 міндетті консультациясын алады.  Сонымен қатар салалық сарапшылармен вебинарлар өтеді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Оқу барысында соңғы тестілеуден өтерде тыңдаушы 12 балл (60%-дан жоғары) жинаса, оған бизнес-жоспар конструкторы ашылады. Бизнес-жоспар балдық жүйемен бағаланады. 18 балл жиналса (60%-дан жоғары) оқуға қатысушы «Оқу аяқталғаны туралы сертификат» алады.

 Егер қатысушы тестілеу бойынша шекті балды жинай алмаса, ол тестілеуден қайтадан өте алады, мұндай мүмкіндік үш рет беріледі.

«Қатысу туралы сертификат» егер тыңдаушы бизнес-жоспарды тексеру бойынша қажетті балл жинай алмаған жағдайда беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 3 жыл. Осы уақыттта бизнес-жоспарды қайта әізрлеуге болады. Кәсіпкерлік негіздері бойынша онлайн-курс 21 күннен аспайды. Тыңдаушы оқуды бұл мерзімнен ерте бітіре алады», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушылар мемлекеттен 200 АЕК көлемінде грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертфикат алады.

Жұмыспен қамту орталығы беретін жолдама 30 күнтізбелік күнге жарамды екенін еске саламыз. Демек, алғашқы лекке жазылмаған үміткерлер келесі лекке жазылуға мүмкіндік алады. Екінші лекке тіркеу 17 мамырдан басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер