«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі бизнестің проблемалық мәселелерін талқылады

2021 жылғы 03 Наурыз
- Ақтөбе облысы
3435 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы zoom конференция режимінде өтті. Өңірлік кеңес мүшелері жұмыс барысында комитеттер анықтаған бизнестің жүйелі проблемалары туралы айтты.

Мысалы, кәсіпкерлер отандық өндірушілерге жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жеткілікті преференциялар жоқ екенін айтты. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер импорттық өнімдерді жеткізушілермен жалпы негізде конкурстарға қатысуға мәжбүр, олардың бағасы көбінесе төмен, бұл өндірушілерге осы бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік бермейді. Себебі, жеткілікті қаржыландырудың болмауына байланысты қазақстандық компаниялардың түпкілікті өнімнің құнын арзандату үшін өндірісті қайта жабдықтауға және жаңғыртуға мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, кепілдендірілген сату көлемінің болмауы өнімді "қоймаға" шығаруға мүмкіндік бермейді. Мұның бәрі өндірушілердің негізінен белгілі бір тапсырыс бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болуына әкеледі.

Ал мердігер ұйымдардан мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында қысқы қымбаттау коэффициентін қайтару бойынша проблемалық мәселеге қатысты ол "Атамекен" алаңында бірнеше рет талқыланды.

Қазіргі уақытта құрылыс саласында өз қызметін жүзеге асыратын өңір кәсіпкерлері әлеуметтік мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қысқы қымбаттау коэффициентін қайтару проблемасына тап болды.

2020 жылы кәсіпкерлер ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындады, бірақ бүгінгі күні ЖАО атынан тапсырыс берушілер қысқы уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде қосымша шығындар сомасына жалпы соманы азайту мақсатында шартқа сәйкес түпкілікті есеп айырысуды жүргізбейді. Тапсырыс берушілер прокуратураның берген нұсқамасына сілтеме жасайды.

Өз кезегінде, тапсырыс берушілердің талаптары негізсіз болып табылады және ҚР заңнамасының нормаларына қайшы келеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе сот тәртібімен шешілуде.

АӨК саласынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын жетілдіру қажеттігі туралы ұсыныс айтылды.

"Барлығы жеті сұрақ айтылды, олар негізінен терең зерделеуді және нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді. Жүйелі сипаттағы бизнестің проблемалық мәселелері жұмысқа қабылданады, ұсыныстар мен оларды шешудің ықтимал шаралары ӨКП сарапшыларымен бірлесіп пысықталады, қажет болған жағдайда ҰКП орталық аппаратына жіберіледі", - деп атап өтті Өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету, денсаулық сақтау салаларының өкілдерінен құралған. Өңірлік кеңес құрамында 33 мүше бар, олардың біреуі облыстық мәслихаттың, үшеуі аудандық және бір қалалық мәслихаттың депутаты болып табылады.

Өңірлік кеңес жанында 6 салалық комитет жұмыс істейді, төрағалар бекітілді, ӨКП қызметкерлері қатарынан хатшылар бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер