«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлерге несие төлемдері бойынша шегерім алу процедурасы жеңілдеді

2020 жылғы 05 Тамыз
3952 просмотров

3 тамызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары туралы» 2020 жылғы 15 маусымдағы №251 бұйрыққа өзгерістер енгізді. 

Енді карантиндік шараларді енгізу нәтижесінде шығынға батқан несие немесе микронесиелер бойынша қарыз алушылар қосымша құжаттарды өткізбей-ақ берілген өтініш негізінде несиелер бойынша шегерімді ала алады. 

Несие ұйымдары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №5 қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шараларын енгізу нәтижесінде қызметіне шектеу жасалып, тыйым салынған немесе тоқтаған қарыз алушылардың займдарын қайта қаржыландыру немесе  шегерім беру бойынша өтініштерін 2 жұмыс күні ішінде қарауға міндетті. 

Аталған қолдау шаралары келесі қызмет түрлеріне қарастырылған: жабық базарлар, халықаралық автобус тасымалы, қала маңы жолаушылар пойыз тасымалы, автовокзалдар, орналастыру бойынша қызмет көрсету, ойын-сауық мекемелері (кинотеатрлар, фудкорттар, банкет залдары), білім беру ұйымдары, мәдениет нысандары, мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтары, косметикалық қызмет көрсететін салондар және басқа (қызметтердің толық тізімі төменде көрсетілген). 

Егер кәсіпкерлерге шегерім мақұлданса, онда несие мерзімі аяқталғанға дейін бұрын кешіктірілген төлемдерді (негізгі және есептелген, бірақ төленбеген сыйақы) бөлу түрінде немесе жеңілдікті кезеңге несие мерзімін ұлғайту түрінде (есептелген сыйақыны ескере отырып) жаңа төлем кестесі жасалады.

Қарыз алушының сәйкес өтінішті тапсыруы уақытына қарамастан несие ұйымдары банк қарызы және (немесе) микронесие келісімшарттары бойынша төлемдерді шегеруді 2020 жылдың 1 қазанына дейін мерзімге береді. 

Аталған бұйрық талаптарына жатпайтын қарыз алушылардың өтініштерін несие ұйымдарының қарау мерзімі екі есе қысқарып, қазіргі таңда 10 жұмыс күнін құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер