«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік көмек қандай кәсіпкерлерге беріледі және оны қалай алады

2020 жылғы 28 Наурыз
16206 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ өкілдерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төтенше жағдай кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем жасау ережесін бекіту туралы» 2020 жылғы 27 наурыздағы бұйрығы туралы хабарлайды.

Әлеуметтік қолдау төтенше жағдай кезінде қызметті шектеу салдарынан кірісін жоғалтқан шағын және орта бизнес өкілдеріне, қызметкерлерге, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға әлеуметтік төлемдер түрінде беріледі.

Бұйрыққа сәйкес, әлеуметтік төлемдердің мақсаты - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жасалады, ол үшін  ШОБ өкілдері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер санатынан болуы керек.

Жаңа төлем Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтарына келесі шарттарға сәйкес берілетін болады:

- әлеуметтік төлем төтенше жағдай жариялануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген (жұмыстан босатылмаған) қызметкерлерге жүзеге асырылады;

- төлем алу үшін қызметкерлерге (жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар өзі үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘСҚ-қа кем дегенде 3 ай бойы жарна аударуы қажет;

- әлеуметтік төлем шағын, орта және микробизнес қызметкерлеріне; жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – ЖК); жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); БЖТ төлеушілеріне қолданылады.

Жаңа әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жұмыс берушілер (ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар және БЖТ төлеушілер өз бетінше жүгінеді) «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты олардың қызметкерлерінің кірісінің жоғалуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлердің жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені қоса бере отырып өтініш беруі қажет.

Жұмыс берушілердің (ЖК және басқа санаттағы) өтінімдері негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері МӘСҚ төлем жасайтын қызметкерлердің тізімін дербес қалыптастырады.

Әлеуметтік төлем қызметкерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде, бірақ төтенше жағдайдың ұзақтығынан аспайтын мерзімде төленеді.

Әлеуметтік қолдауды алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысан бойынша өтінішті жұмыспен қамту органына келесі құжаттарды қоса жібереді:

1) төтенше жағдай кезіндегі қызметті шектеуге байланысты әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (қаржылық және өзге де үзінді көшірмелер, оның ішінде банктік үзінді көшірмелер, бухгалтерлік баланс және қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге қаржылық мүмкіндіктері жоқтығын растайтын басқа құжаттар) немесе ұйымның қызметі мен нақты еңбек жағдайлары қызметкерлерді қашықтағы жұмысқа ауыстыруға мүмкіндік бермейтінін растайтын) ;

2) осы Қағидаларға 3-қосымша нысанындағы қызметкерлердің тізімі;

3) қызметкерге (қызметкерлерге) жалақы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.

Әрекет ету алгоритмнің толық нұсқасын мына жерден табуға болады. Өтініштерді жұмыс берушілер береді.

Сондай-ақ, сіздерден Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары» бұйрығының мәтінімен танысуларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер