«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда ауыл әйелдерінің форумы өтті

2019 жылғы 18 Қазан
- Маңғыстау облысы
4654 просмотров

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Ақтау қаласында іскер әйелдер форумы өтті. Шараға Ақтау және Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарынан кәсібін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер қатысты

«Бүгін ауыл әйелдері форумын 14-ші облыста өтіп отыр. Жалпы мемлекет саясатындағы маңызды тақырыптың бірі ол ауылдың тұрақты дамуы және ауыл тұрғындарының табысын арттыру болып табылады. Бүгінгі форумда ауыл әйелдерінің кәсібін дамыту үшін қандай әдістер қолданды? Қаржы мәселесі қалай шешілді? Механизмдер қандай? деген сұрақтарды кеңінен талқылап, тәжірбие алмасты», – деді ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рақымбекова

Ауыл әйелдерінің форумы 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ассамблеясының бастамасымен, 15-қазан халықаралық ауыл әйелдерінің күні аясында жүзеге асырылып келеді.  Алдағы уақытта іскер әйелдердің өңір экономикасына қосып отырған үлесімен, жетістікке жеткен тарихын кең көлемдегі кітап қылып шығару жоспарлануда.

«Ауыл әйелдерінің Маңғыстау облысындағы форумы ғажап дүние деп есептеймін. Бұл өңір ежелден қаймағы бұзылмаған, ұлттық дәстүрі сақталған, өзіндік ұстанымы бар тамаша өңір. Біз турасына келсек қазір қалаға көбірек көңіл бөлдік. Ал даламен қаланың арасын жақындату ол тек ауылдағы әйелдерді қолдау ғана емес, өмірді жақсарту үшін болып жатқан дүниелер.  Оның арғы жағын алып қарайтын болсақ, ұлттық мүдде, рухани өсу, отбасылық құндылықтар жатыр. Осы ретте мен қазақ әйелін үлкен күш деп айтар едім», – деді ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қаракөз Сүлейменова.

Шілде айында бастау алған форумға еліміздің әр аймағынан 2700  әйел азаматтар қатысып, 85- ке жуық іскер әйелдің жетістік тарихы айтылды. Бүгінгі күні ауылдың тұрақты дамуына қандай ықпал жасалып отыр? Үкімет тарапынан қанша бағдарлама іске асырылуда?  Кәсіпті қалай, неден бастау қажет, қай жағынан келу керек деген мәселелер осы форумда сөз болды.  

 Айта кетейік 7-8 қараша күндері II республикалық ауыл әйелдерінің форумы Нұр-сұлтан қаласында өтпек. Әр облыстан 15 делегат қатысады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер