«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын бесік» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнын құру туралы

19 Желтоқсан 2018
2177 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында «Алтын бесік» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнын құру туралы сұратым жарияланды.

Орналасқан жері: Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қайнар ауылы.

Қызмет ету ауқымы:  Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қайнар ауылының әкімшілік-территориялық шекарасы аумағында.

 Құрылтайшы – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі.

 Төменде жоспарланған «Алтын бесік» балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнын құру туралы ақпарат берілген.

 Қайнар ауылының тұрғын саны, барлығы – 1158 адм, оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны – 632 адам, оның 632-і – жұмыспен қамтылған, жұмыссыздар – жоқ, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасы саны – 1.

 Қайнар ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық – 168 км, аудан орталығына дейін – 112 км, теміржол бекетіне дейін – 168 км, жақын маңдағы қалаға дейін – 130 км.

 Тұрғындардың негізгі жұмыс түрі – ауыл шаруашылығы.

 Тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны – 23 бірлік, соның ішінде (ЖШС – 1, ЖК – 13, шаруа қожалығы –9) өнеркәсіптік кәсіпорын жоқ.

 Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қайнар ауылындағы мекемелер: орта мектеп –1, Мәдениет үйі –1, кітапхана – 1, балабақшалар мен бөбекжайлар жоқ.

 Қайнар ауылы тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Ауылда балабақшаның болмауы себепті мектепке дейінгі жастағы балалар мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндігі жоқ.

 Ауыл аудан орталығынан  және мектепке дейінгі мекемелері бар басқа да елді мекендерден шалғай жерде орналасқан.

 Қайнар ауылында бөбекжайдың ашылуы ауыл тұрғындарының мәселесін шешіп (95 бала кезекте тұр), 27 жаңа жұмыс орнын құрады (шаттық кесте жобасына сәйкес).           

Балабақша Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қайнар ауылында 75 орынға жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беретін жалғыз мекеме болады.       

 Бөбекжай-балабақшаға арналған орынжайды «Қайнар» ЖШС атынан қайтарымсыз негізде ауданның коммуналдық меншігіне берілді, құжаттар рәсімделген.

 Кәсіпорын мемлекеттік болады (жарғылық капиталда 100% акция мемлекетке тиесілі)

 Жыл сайынғы қаржыландыру сомасы 19,6 млн теңге деп жоспарланған.

  Қызметтің негізгі түрі – мектепке дейінгі тәрбие.

 Жарқылық капитал – Қарағанды облысының Нұра ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген және балансына  орналасқан мүліктік кешен есебінен құрылатын болады.

          

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер