«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

TAIWAN Trade Mission: Алматыда Халықаралық бизнес-форумы өтуде

2019 жылғы 24 Сәуір
- Алматы қаласы
2611 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы және «TAITRA» Тайвань сауда орталығының өкілдігі қазақстандық кәсіпкерлерге арналған «TAIWAN Trade Mission» форумын ұйымдастырды

«Инновацияларға жоғары қабілеттіліктің және дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылымның нәтижесінде Тайвань жартылай өткізгіштерді, ақпараттық технологияларды, автомобильдерге арналған жабдықтарды, велосипедтермен қатар, әр түрлі аппаратуралар сияқты салаларда сапалы тауарлардың жаһандық жеткізушісі болып отыр. Тайвань, сондай-ақ биотехнологияларда, медициналық жабдықтар мен ауыл шаруашылығында әлемдік мойындалған мемлекет. «TAITRA» Тайвань сауда орталығы Қазақстанда 2004 жылдан бастап белсенді түрде жұмыс жүргізіп келеді. «TAITRA» орталығы мұндай шараларды жылына 2 рет өткізіп отырады, яғни көктем және күз айларында. Бүгінгі  ұйымдастырылған шараға қазақстандық 150 компаниялар шақырылды. Бұл компаниялар автоматты орау машинасын, автоматты үрлеу машинасын, қабырға тұсқағаздарын, дұрыс тамақтану жолдарына арналған құралдар, тері күтімін жасауға,  су диспенсерлерін және медициналық жабдықтарды әзірлеумен айналысады», – деп хабарлады «TAITRA» Тайвань сауда орталығының Алматы қаласындағы филиал директорының орынбасары Мақпал Арқалыққызы.

Сондай-ақ Taiwan Trade форумына Тайвань сауда делегациясынан  «Chen kong trading co., ltd», «Full shine platic machinery co., ltd», «G-tai wallcovering’s co., ltd», «Sole aqua co., ltd», «Unison company ltd», «Venus plastic machinery co., ltd»  сынды 6 компания қатысты.

 «Бөтелкелерді үрлеуге арналған автоматты жабдықтың 3 түрі бар. Сіздің тапсырысыңыз бойынша, жабдықты Қазақстанға жеткізу мерзімі 35 күнді құрайды, алайда сіз тапсырыс берген күннен бастап 60-90 күн аралығында әзірленіп,  35 күнде жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда Қазақстанға бұл өнімнің түрі жеткізіліп, бір компания сатып алды. Сонымен қатар  біз қазіргі таңда Қазақстан нарығын қосымша қарастырудамыз. Қазақстанның деңгейі жоғары дәрежеде екенін байқаймыз», – деп айтты «Full shine platic machinery» компаниясының өкілі Тина Чиу өз сөзінде.

 Taiwan Trade – Тайвань электрондық саудасының ең ірі платформасы болып табылады, онда барлық салалардың 90%-дан астамын  экспорттаушы компаниялар құрайды. Мекеме Тайвань Үкіметінің қолдауына ие және оны «TAITRA» басқарады, басты мақсаттары – сыртқы сауданы дамыту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер