«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда тұрақты емес сауда объектілеріне арналған жер телімдері анықталды

2019 жылғы 26 Наурыз
- Алматы қаласы
2717 просмотров

«Алматы» ӘКК» АҚ (ары қарай – Қоғам) тұрақты емес сауда объектілерін орналастыруға арналған жер телімдерін қосалқы жалға беру құқығын беру акционын келесі мекенжайлар бойынша өткізілетіні туралы хабарлайды:

  1. №1 лот –  Тұңғыш Президент паркі территориясында, әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай, Дулати көшесінен батысқа қарай орналасқан, жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  2. №2 лот – Тұңғыш Президент паркі территориясында, әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай, Дулати көшесінен батысқа қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  3. №3 лот – «Южный» паркі территориясында, Жароков көшесінен шығысқа қарай, Ходжанов көшесінен солтүстікке қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  4. №4 лот – «Қарағайлы» паркі территориясында, Наурызбай батыр көшеісінен батысқа қарай, Қабанбай батыр көшесінен солтүстікке қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  5. №5 лот – Ганди атындағы паркі территориясында, Шевченко көшесінен солтүстікке қарай, Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№1 техникалық сипаттама);
  6. №6 лот – Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Қонаев көшесінен батысқа қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  7. №7 лот – Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Байсейітова көшесінен шығысқа қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама);
  8. №8 лот – Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Сейфуллин даңғылынан батысқа қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№1 техникалық сипаттама);
  9. №9 лот – 28-панфиловшылар паркі территориясында, Вознесенский Кафедралды Соборынан солтүстікке қарай орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м жер телімі (№2 техникалық сипаттама).

Қоғам Басқармасының 2019 жыл 19 наурыздағы № 6 хаттамасымен бекітілген Жер учаскесін қосалқы жалдау құқығына арналған аукционды ұйымдастыру және өткізу ережелерінің (ары қарай – Ереже) 6.6-тармағына сәйкес, аукцион ағылшын әдісі бойынша жүргізіледі, бастапқы баға – 100 000 теңге, алғашқы қадам – бастапқы бағадан 10% (ҚҚС-ты есептеумен).

Бұдан бөлек, Ереженің 2-бөлімі 4-тармағының 1-қосымшасына сәйкес сауданың тұрақты емес объектісі №1 және №2 бекітілген техникалық сипаттамасына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар аукцион жеңімпазы сауданың тұрақты емес объектісін орналастыру кезеңінде жер телімін жалға алу құнын төлеуден 45 (қырық бес) күнтізбелік күнге босатылады.

Ережеге сәйкес, аукционға қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Форма бойынша (өтінім формасы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген) толтырылған өтінім-сауалнама;
  2. Байқау қатысушысының мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттардың көшірмесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігі);
  3. салық төлеушінің  өтінім беру кезінде салықтық қарызы, міндетті зейнетақылық жарналары бойынша қарыздары, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарының болмауы (болуы) туралы мәліметтер/анықтама;
  4. 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде кепілдендірілген жарнаны салу туралы төлем тапсырмасы;
  5. Өкілдің құзіреттілігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  6. Аукционға қатысушы қызмет алып жүрген екінші деңгейлі банктен мерзімі асып кеткен қарыздың болмауы туралы анықтама.


  Аукционды ұйымдастыру мен өткізу бойынша ереже «Алматы» ӘКК» АҚ сайтында (www.spk-almaty.kz) «Компания туралы» бөлімінің «Ақпаратты ашу» бөлімшесінде жарияланған. Егер аукцион жеңімпазы қосалқы жалдау келісімшартын жасаудан бас тартса, жеңімпаз төлеген кепілдендіріген жарна құны қайтарылмайды.

 Аукционға қатысуға өтінім беру 27 наурыз 5 сәуір аралығында жұмыс күндері 09:00-ден 18:00 сағат (түскі асқа үзіліс: 13:00-14:30) аралығында жабық конверттерде қабылданады.

 Өтінімді қабылдау орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303 үй, 602-каб. Жауапты тұлға – Қоғамның бас маманы Данияр Еркімбаев, телефон нөмірі: +7 727 355 04 50.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер