«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

MINI-MBA форматында экспортты жүргізу тренингтері өтті

2018 жылғы 05 Қазан
- Алматы қаласы
3527 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы экспорттаушыларды сервистік қолдау аясында 5 күндік тегін тренингтерді ұйымдастырды. Спикерлер шетелдік сарапшылар болды.

Отандық кәсіпорындарға – әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларға арналған арнайы курс шетелдік дәріс берушілерді тартумен алғаш рет MINI-MBA форматында өтті. 

Курсқа қатысуға өңірдің барлық тауар өндірушілеріне өтінім беруге мүмкіндік жасалды. Жаттығулар Алматыда өтті, келесі аптада Астана қаласында да ұйымдастырылмақ.

 Экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мемлекеттен қандай көмек ала алады? Логистиканы қалай құрған дұрыс? Экспорт қызметінде құқықтық және құжаттық қамтамасыз ету қандай? Жекелеген мемлекеттерде экспорттаушыларға деген техникалық талаптар қандай? Бұл және басқа сұрақтарға тренинг сарапшылары жауап берді.

«Кәсіпкерлерге арналған жобамыздың бірегейлігі –  компания өнімдері мен қызметтерін алға жылжыту мақсатында практикалық іскерлік дағдыларды және сыртқы нарықтарға қолжетімділікті кеңейтудің жаңа әдістерін қолдану. Оқытудың бағдарламасы 60%  практикадан тұрады және қысқа мерзімде кәсіпкерлерді сыртқы экономикада жұмыс істеуге машықтайды. Бизнес тарапы жаңа MINI-MBA форматына қызығушылықы танытты, ол білім беру мазмұнын тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Біздің сәтті тәжірибеміз бизнесті оқытудағы жыл сайынғы практика болмақ», – деді Алматы ӨКП Іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Ақеркін Эралиева.

 Әр тақырып бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді, күн сайын өткен тақырыптар бойынша тестілеу жасалды.

 «Тренинг ұйымдаструшыларына алғыс білдіргім келеді, мұндай шаралар еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады. Оқытушылардың жоғары деңгейін жоғары атап өткім келеді: ақпаратты жақсы жеткізеді, аудитория назарын оңай тартып алады. МВА-да белгілі бір дәрежем бола тура бұл тренингтерден көп пайдалы ақпарат алдым», – деді LEMONADOFF FOOD ЖШС бас директоры Абдулазиз Эрметов.

 Тренинг аяқталған соң бизнесмендер сертификаттарын алды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер