«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттер Үздік стартап-жобалар тізілімімен танысты

2018 жылғы 21 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4987 просмотров

Алматы университеттері мен колледждері  студенттеріне  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әзірлеген Үздік стартап-жобалар тізілімі туралы ақпарат берілді.

«Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы түрлі деңгейдегі бизнесмендерді біріктіретін қоғамдық ұйым. Стартаперлерді қолдау мақсатында Алматы қаласының кәсіпкерлер палатсы Үздік стартап-жобалар тізілімін әзірледі. Үздік жобаларды салалық қауымдастықтар іріктеп алды. Қащіргі таңда тізілімге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, АТУ, АлмаU колледжі сутденттерінің жобалары Тізілімге енді. Тізілімді жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тізілім толыққан соң, ақпарат Алматы палатасының ресми сайтына almaty.atameken.kz жарияланатын болады», – деп хабарлады ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин.

 

Ашық есік күні аясында студенттерге бизнесті жүргізу, кеңес алу мен жобаны қаржыландыру жолдары, Алматыда бизнестің қандай салалары өзекті туралы ақпарат берілді. Бұл кездесі Жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі болды.

Студенттерге  өзінің тағылымды табыс жолы жайында ақпаратпен ӨКП Өңірлік кеңестің мүшесі, ҚР Ұлттық экономикалық ынтымақтастық және кооперативтер қауымдастығының президенті Қазыбек Шайх, Алматы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Ақеркин Эралиева, «F@st Net» ЖШС бас құрылтайшысы Рашид Әлиев, «Legend Technologies» ЖШС диркторы Ернұр Сатыбалдиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер