«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы зор

2018 жылғы 18 Шілде
- Ақтөбе облысы
1592 просмотров

Ақтөбеде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мәжіліс залында «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибе және даму болашағы» тақырыбында семинар кеңес өтті.

Семинарда кәсіпорындардағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, компаниялардағы еңбек дауларын шешу кезіндегі қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты дамыту және еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық жұмыс берушілер ассоциацияларының жергілікті кәсіподақтардың, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Семинар кеңесте сөз алған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов осы саладағы бизнестің рөлі туралы айтып берді. 

«Бұрын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, корпоративтік мәдениеті туралы сөз болғанда мұндай құбылыстардың біздің елімізде орын алуы екіталай деп сенімсіздік тудырғандар болды. Бүгінде бизнес іскерлік қоғамда үлкен сұранысқа ие. Бизнес біртұтас жүйе ретінде қоршаған ортаны, адам құқығын қорғау, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу мен сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелеріне белсене қатысуда» – деді ол.

Сондай-ақ, ол бизнестің әлеуметтік жауапкешілігіне 2016 жылы Парижде мақұлданған шағын және орта бизнестің ұлттық моделінің, биылғы жылы қол қойылған «Қазақстан кәсіпкерлерінің этика және іскерлік әдебі» кодексінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің Хартиясының қабылдануын мысал етті. 

«Сонымен қатар ҰКП бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Атамекенім» акциясы аясында кәсіпкерлер әлеуметтік аз қамтылған жандарға демеушілік көрсетіп, қоғамның жүгін көтеруге атсалысып келеді» – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер