«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылықтар Германиядан әріптестерді іздейді

2018 жылғы 18 Шілде
- Алматы қаласы
4005 просмотров

Жоба мақсаты – отандық кәсіпкерлерді шетелдік сәріктестермен байланыстыру, қосымша бизнеске қажетті – маркетинг, менеджмент және басқа да салалар бойынша сауаттылықтарын арттыру болып табылады.

«Жоба бойынша екі кезең көзделген. Бірінші кезеңде отандық және шетелдік бизнес-тренерлер мен консультанттардан үш апта бойы оқу. Екінші кезеңде кәсіпкерлер Германияда төрт апта бойы өздерінің кәсіптері бойынша кәсіпорындардан тағылымнамадан өтеді. Жобаның түпкі мақсаты тауар алмасу, жадық пен франшиза сатып ау, бірлесіп кәсіп құруда шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату», – деді Алматы ӨКП Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлім бастығы Динара Асылова.   

 Алматы қаласы бойынша 118 компания жетекшілері жобаның бірінші кезеңі бойынша оқытудан өтті. Тренингтер маусым айында аяқталды. Енді кәсіпкерлер Германияға жолдам алуға мүмкіндіктері бар.

 «Бағдарлама білімді жетілдіруге, діттеген мақсатқа жетуде өзіне деген сенімділікті арттыруға, жаңа байланыс орнатуға, жаңа машық игеру көмектесті. Сондай тиімді жоба десек болады. Қаншама кәсіпкер шынайы қолдау алып, дамуға ынта алды», – деді өзінің Фейсбук парақшасында қатысушылардың бірі Елена Семенкова.

 Екінші кезең қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Іріктеуден 80 кәсіпкер өтеді.

Сіз де жоба қатысушысы бола аласыз. Ол үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатаысна хабарласу керек. Мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы даңғылы 135, жауапты – Ержан Қапанов, тел: 3310133, ішкі: 7557.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер