«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Kazakh Invest бизнесті белсенді болуға шақырды

2018 жылғы 12 Шілде
- Алматы қаласы
3974 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, қала бизнес-қоғамдастығының өкілдері «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесті

Кездесуде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. «Kazakh Invest» жергікіті кәсіпкерлерге жоба таңдауға, марекетингтік материалдар жинақтауға, негізгі басымдықтардың бағасын тексеруге, мақсатты инвестордың сұлбасын дайындауға, байланыс орнатып, кезедсу ұйымдастыруға көмектесе алады.

Шетелдік инвесторлар үшін «Kazakh Invest» Қазақстанның мүмкіндіктері туралы шолу дайындаған.жергілікті салық/заңнаман тәртіптерімен таныстырып, мақсатты жобаның нобайын сызады. Сонымен қатар келіссөздерге медиатор ретінде қатысып, Үкіметке іске асырылатын жобаға талап етілетін жеңілдіктер, нормативті-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы ақпаратты береді. Сонымен қатар жауап, рұқсат, сертификат беруді жеделдетіп, кәсіпкерлердің құқығын қорғайды.

«Халықаралық қаржы институттары (Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк), халықаралық қорлар арқылы бизнесті пайыздық мөлшерлемесі 0,6%-бен 6% аралығында несиелеудің бірнеше құралы бар. Бұл Қазақтанның екінші деңгейлі банктері ұсынып отырған шарттарға қарағанда әлдеқайда тиімді. Бірақ біздің мақсатымыз – несие беру емес. Біз экспортқа шығуға қатысты ұсыныстар күтеміз, жобаны толық сүйемелдеуге дайынбыз. Жыл басынан бері шетелдік капиталды тарту арқылы 11 ірі жоба іске асты. Белсенділік танытып, бізбен өзара байланыс орнатуға шақырамыз», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бірыңғай ақпараттық мониторинг жүйесі іске қосылуға дайын, онда инвесторлардың барлық өтінімдері жинақталады. Келешекте «Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері де жүйені аша алады, бұл инвестор табу, капитал тарту ісін жеделдетуге ықпал етпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер