«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Саяхат» пен «Сайранның» байырғы сайранын кім қайтарады?

2018 жылғы 16 Мамыр
- Алматы қаласы
4974 просмотров

Автобекеттерді жалға алушылардың айтуынша, заңсыз тасымалдаушылардың салдарынан олар миллиондаған шығынға батып отыр. Заңсыз тасымалдаушылар бекеттерді жаулап алған. Жолаушылар заң жүзінде жұмыс істейтін тасымалдаушыларға дейін жетпей жатыр.

«Саяхат» автобекеті  заңсыз тасымалдаушылар салдарынан үлкен шығындарға тап болды, өзгелер шын мәнінде жолаушыларды «ұрлап» жатыр. Рейстер үнемі орындалмай қалып жатыр. Бұрынырақ бюджетке жыл сайын бірнеше миллион теңге құрайтын салық төлеп отырсақ, бүгінде салық төлемдер көлемі ең ауыр күндермен салыстырғанның өзінде аз болып тұр. Мәселен, бір бағытта айына 256 рейс болса, оның 189-ы ғана орындалады, бұған қоса жолаушы саны салондарда толық болмайды. Кешкі уақытта заңсыз тасымалдаушылар, таксистер қаптап кетеді, клиенттерімізді алып кетіп жатыр. Салдарына кешкі рейстер мүлде жүрмейді. Рейдтер мәселені толық шеше алмай отыр», – деді «Саяхат» автобекетінің коммерциялық директоры Магомед Алероев.

 «Саяхат» және «Сайран» автобеккеттердің басшылары өз мәселелерін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жеткізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша өңірлік кеңес отырысында «Қазақстан автокөлікшілер одағының» жетекшісі Сәбит Аманбаевтың айтуынша еліміз жол апаттарында болатын өлім деңгейі бойынша ТМД ауқымында бірінші орында тұр.

«Автопарктардың тозығы шарықтау шегіне жеткен. Халықаралық және қалааралық тасымалдарды орындап жүрген автобустардың қызмет көрсету мерзімі орташа 21 жыл. Қала және қала маңы тасмалдарын орындайтын автобус паркі 65%-ға ескірген. Бұл адал бәсекелестіктің болмауынан орын алған жайт. Заңды түрде жұмыс істеп, салық төлеп отырған тасымалдаушылар дамуға мүмкіндіктері жоқ, өйткені нандарын басқа біреулер иемденіп кетеді. Осындай түйткіл ел ауқымында орын алып отыр», – деі Сәбит Аманбаев.  

Алматы қаласы ІІМ жергілікті полициясы бөлімінің бастығы Берлік Молдыбаев Төле би мен Өтеген батыр көшелерінде арнайы жасақтар тұрғанын, қажетті жол белгілері орнатылғанын және заңсыз тасымалдаушылардың қуылғаны жайында хабарлады. Оның айтуынша қала әкімдіктері автобекеттерге өз қаражаттары есебінен бейне бақылау камераларын орнатуды тапсырған.

Кәсіпкерлер палатасы заңды тасымалдаушылар құқығын қорғамақ.  

  «Қаларалық, халықаралық және қала маңы тасымалдарын орындау мақсатында Алматы қаласы Жолаушы көлігі мен автомобиль тасымалдау басқармасы жыл сайын тендер өткізеді. Нәтижесінде айтылған бағыттарға тасымалдаушылар тағайындалады. Әлеуетті тасымалдаушылар алдына қойылатын талаптар бойынша лецензиялар, білікті қызметкерлер, қаржылық кепілдіктер, өндірістік база, жүргізушілерге қарастырылған медициналық бақылау және т.б. сұралады. Яғни, адал кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар бизнесті орындау үшін үлкен қаражат жұмсайды, содан кейін бұл шығындарды ақтап алғысы келеді. Ал әзірге заңды тасымалдаушылар штат пен бағыттарды  қысқартуға мәжбүр», – деді ӨКП бөлім бастығы Ілияс Қасенбаев.

 «Атамекен» барлық өңірдің бизнес-қоғамдастығы және салалық қауымдастықтармен бірлесіп, автобус тасымалдарын дамыту бойынша Кешенді бағдарламаны әзірлеп қойды. Бұл бағдарлама бейнді министрлік қарауына жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер