«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Америкалықтар Қазақстаннан сапалы тауар алуды қалайды

2017 жылғы 14 Желтоқсан
- Алматы қаласы
4900 просмотров

Бұл туралы Алматыда өткен бизнес форум барысында АҚШ-тың өкілі Эрланд Херфиндаль хабарлады

АҚШ нарығының мүмкіндігі соншалықты кең, тіпті логистикалық қиындықтарды да шешеді. Мұндай пікірді АҚШ сауда өкілінің артықшылық жүйесі жөніндегі орынбасары Эрланд Херфиндаль Алматыда өткен бизнес-форумда айтты. Оның айтуынша, артықшылық жүйесінде Орта Азияның бірнеше мемлекеті қатысып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ауғанстан.

«АҚШ Дүниежүзілік артықшылық жүйесі бағдарламасы арқылы Азия елдерінің сауда мүмкіндіктерін арттыруға көмектескісі келеді. АҚШ тұтынушылар үшін арзан да сапалы өнімді сатып алу тиімді. Дүниежүзілік артықшылық жүйесі бағдарламасы бойынша Америкаға баж салығынсыз 3,5 мың өнім жеткізуге болады. Мысалы ресейліктер мен қытайлар 6%-дан 20-%ға дейін ақы төлейді. Біз кәсіпкерлеріңізге тауар айналымын арттыру үшін америкалық бизнес-қоғамдастықпен және елшілікпен байланыс орнатуды ұсынамыз», - деді Эрланд Херфиндаль.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дінмұхамед Әбсаттаров Америка Құрама Штаттарымен жүзеге асып отырған тауар айналымының көлемі 1 млрд теңгеден сәл ғана асатынын айтты. Бұл Өзбекстанмен арадағы сауда көрсеткішінен де төмен. Көршілес елмен сауда айналымын былтырғы жылмен салыстырғанда 70%-ға артқан. Биыл 2 млрд долларға жеткен. Мұндай қарқынмен дамыса, көрсеткіш 5 млрд доллларға дейін көтеріледі.

«Біз инвестициялар бағытталатын жаңа әлеуетті бағыттарды ашылады деп ойлаймыз. Жақында ғана Астанада инвестициялық форум өтті, онда 3 млрд доллар сомасындағы 11 келісім жасалды. Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің негізгі бағыттары: цифрлы Қазақстан, Орта Азияда көлік-логистикалық хаб құру, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру. Еуразиялық нарықта жалпы көлемі 4 трлн доллар. Бұл өте үлкен мүмкіндік. Бизнес кооперациялану үстінде. Біз кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, осы нарықтарды игеруіміз керек», - деп хабарлады Дінмұхемед Әбсаттаров.

Сонымен қатар электронды сауданы дамытудың жол картасы аясында кәсіпкерлер үшін кеңес беру қызметі кеңейетінін, әсіресе ағылшын тіліне басымдық беріліп, нормативті-құқықтық актілер шет тілдеріне айдарылатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер