«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«FRANCH DAY»: қаражат қайда?

2017 жылғы 14 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4698 просмотров

 «FRANCH DAY» кездесуіне қатысушылар қаражат мәселесін талқылады

Франшизаны пайдалана отырып кәсіпкерлік істің шеберінен бизнесті меңгеруге болады. Франчайзи-шебері Виталий Ен осы туралы баяндады. Оның айтуынша, франчайзи франшизаны сатып ала отырып, табысты топтың мүшесіне айналады. Әдетте франчайзер өзінің серіктесін қиындықтарда жалғыз қалдырмайды.

«Статистикаға сүйенсек, жаңадан ашылған кәсіпорындардың 85% жұмыс істеген соң 5 жылдан кейін жабылады, ал франчайзинг арқылы ашылғандардың ­– 14% ғана.франчайзингтік желіде тауар мен қызметті төмен бағада беретін көпжылдық және тексерілген серіктестік қатынас орнаған», - деп атап өтті Виталий Ен.

Сонымен қатар ол франшизаны қолданудағы орын алуы мүмкін қателіктер жайлы баяндады. Бизнес-бастамаларға шектеу қою, бизнестен тез шығу мүмкіндігінің жоқтығы секілді мәселелер бар. Мұның себебі, әдетте франчайзинг келісімшарты ұзақ жылға жасалады, франчайзердің қаржылық тұрақтылығы мен жалпы тауар белгісінің абыройы да тәуелділік те орын алған.

Тағы бір спикер Михаил Ласкин кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерін әлеуметтік желі арқылы өткізуге кеңес берді. Бастысы – тұтынушылардың сенімін алу. Халық сізге сенім білдсе, сіз жұмыс істейтін компанияға да сенеді.

«Негізгі қаражатты жұмыс істемейтін немесе жұмысбасты аналар инстаграмда жұмсап отыр. Әлеуметтік желіде барлығы сатылады: ойыншық, киім, тамақ дейсіз бе, бәрі табылады. Басты сала – спорт: марафондар, кросс-фиттер, салауаты тамақтану, бұлар инстаграмда сатылатындардың 80%», - деп ой бөлісті «Казтелепорт» компаниясы департаментінің директоры Михаил Ласкин.

Спикер бүгінде қаражатты шағын және орта бизнес өкілдері салатындығын айтты. Егер компания өзінің қызметтері мен тауарларын сол тұтынушыларға негіздесе – ұтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер