«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске «Атамекеннің» 9 бастамасы таныстырылды

2017 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4259 просмотров

Алматы қаласы Өңірлік кеңес мүшелері Ұлттық палата қызметіндегі бағыттарды талқылады

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің қатысуымен «Атамекен» ҰКП қызметінің 9 бастамасы таныстырылды. Негізгі басым бағыттарға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында өңірлік палата директоры Юрий Тілеумұратов баяндады.

«Биыл бизнес-ортаны жетілдіруге қатысты біршама жұмыс атқарылды. «Атамекеннің» барлық бастамалары жүзеге асырылып келеді. Еске салсақ, басым бағыттар қатарында жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялық желілер туралы ақпарат ашық болуы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты орталықтарды құру, сауда мен қоғамдық тамақтануға бос орындарды бөлу, ШОБ үшін жалға берілетін коммуникациясы орнатылған шағын индустриялық аймақтар құру, консультативтік-кеңес беретін органдардың тиімді қызметімен қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың сатып алуларында жергілікті үлесті арттыруды қамтамасыз ету, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар институттарының рөлін күшейту, жергілікті деңгейге инвестициялық шарт жасау функциялары мен инновациялық жеңілдіктерді беру, кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай картасын құру бар», – деді Юрий Тілеумұратов.

Сонымен қатар палата директоры Алматыда қаланың бас жоспары, инженерлік инфрақұрылым, энергетикалық қуаттылық тетіктері мен энергетикалық желіге қосатын бос орындар жайлы ақпарат енгізілген карта жасалғанын хабарлады. Аталған картаны ttp://almaty.genplan.kz/ сайтынан көруге болады.

Бұған қосымша интернет-ресурсында «Схема» сервисі арқылы мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметтер алуға болады.

Қыркүйек айында пилоттық жобада Open Almaty фронт-кеңсесі ашылды. Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша азаматтарға мемлекеттік реттелмеген қызметтер мен кеңес беретін қоғамдық қабылдау орталығына айналмақ.

Жобаның жүзеге асырылуы 4 кезеңнен тұрады: мамыр айында open-almaty.kz порталы пилоттық режимде іске қосылды, қыркүйекте 500 шаршы метр болатын кеңсесі мен портал, call-орталық ашылады, сондай-ақ шаршы метрге дейін кеңейту жоспарланған, сонымен қатар мемлекеттік органдар қатары артады. Ал 2018 жылдың желтоқсан айында кеңсені 2000-2500 шаршы метрге дейін ұлғайтып, автоматтандырылған қызмет іске қосылады. Болашақта Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматта орталықта техникалық сипаттамалар беру жоспарланған.

Мұнымен қоса «СПК» ҰК» АҚ Алматы қаласының 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының басым бағыттары бойынша экология, қауіпсіздік, аббаттандыру, көлік салаларындағы инвестициялық жобалар қатарын жүзеге асыруды бастады. Қазіргі таңда Алматыда №3 коммуналдық автобус паркінің құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылып отыр, сондай-ақ «Жол жүру қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу, азаматтардың көптеп жиналатын орындарына видеомаркетинг жасау жүйесін, «Almaty Bike» велосипед жалға берудің автоматтандырылған жүйесін, көп функционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы, балабақшаларды жөндеу және қайта салу, жанармай, газ құю орталықтары мен техникалық қызмет көрсету орындарының құрылысы, автокөлік қоятын орынды ұйымдастыру атқарылып келеді.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 2016 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 20 жылжымайтын нысан 28 жалдаушыға берілді, 2017 жылы 18 нысан 41 жалдаушыға өткізілді, сонымен қатар биылшағын және орта бизнес субъектілеріне 3 нысан сенімді басқаруға берілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер