«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оң шешім: бір жарым жылдан кейін жеткізілген тауар

2018 жылғы 14 Ақпан
2631 просмотров

2016 жылдың қазан айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Атырау қаласынан Әйгерім Шыңғысова хабарласқан. Іскер әйел арнайы киім тігумен айналысады. Жеткізушілерді іздестірген кәсіпкер Ресейдің Иваново.2 қаласындағы тоқыма өнеркәсібі орталығының бір компаниясы «Сауда-өнеркәсіп ұйымы – 1» ААҚ байланыс орнатты.

Жұмыс жолға қойылды. «Шингисова А.А.» ЖК тауар партиясына тапсырыс беріп, жеткізушіге ақша аударған, одан кейін Ресейде өндірілген тауарды қабылдап алған. Серіктестер осындай қалыптасқан жүйеде жұмыс істеп жатты.

Алайда бір күні жеткізуші ақшаны алғаннан кейін тауар жеткізуден бас тартқан. Сонда кәсіпкер Әйгерім Шыңғысова Ұлттық палатаға қоңырау шалды.

«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінде жеткізушінің атына шағым мен жеткізуші орналасқан жердегі Сауда-өнеркәсіп палатасына өтінім, сотқа талап арыз дайындады.

«Әрине, барлық мәселені сотқа дейінгі тәртіпте шешкен дұрыс. «Шингисова А.А.» ЖК осындай қадамға барды. Біз дайындаған жобалар негізінде Иваново Сауда-өнеркәсіп палатасына жүгініп, жеткізушінің атына қосымша шағымдар жолданды. Ивановодағы Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан кәсіпкерінің шағымын қарап, жеткізушімен байланысқа шықты. Нәтижесінде жеткізуші ұзаққа созылса да Атырауға тауар партиясын жөнелтті», -­ деп түсіндіріп берді Департамент сарапшысы Шыңғыс Теміров.

Атқарылған істің нәтижесіне орай кәсіпкер «Атамекен» ҰКП атына алғыс хат жолдады. Іскер ханымның қорғалған мүліктің құқығының жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер